Accessibility links

Д.Медведев сапармен Белградқа келіп жетті


Ресей президенті Дмитрий Медведев орыс кәсіпкерлері мен саясаткерлерінен құрылған үлкен делегацияны бастап Белградқа келіп жетті.

Д.Медведев – екі жақты келіссөздің нәтижесінде 1 миллиард еуро көлемінде Ресей несиесін алуға үміттеніп отырған Сербия басшылығымен келіссөз өткізеді. Ол туралы Азаттық радиосының жергілікті тілшісі хабарлады.

Сапарының барысында Медведев Белградты неміс фашистерінен азат етудің 65 жылдығына арналған салтанатқа қатысып, совет және югослав жауынгерлерінің зиратына гүл шоқтарын қояды.

Ресей президентінің Белградқа сапарын жергілікті халық Сербия мен Ресей арасындағы айрықша саяси әрі экономикалық қарым-қатынастың айғағы деп қабылдайды.

Медведевтің сапарына байланысты Белград көшелерінде қауіпсіздіктің теңдессіз шаралары қабылданып, қаланың орталық даңғылдары жабылып, 5 мыңға жуық полицей тәртіп күзетіп тұр.
XS
SM
MD
LG