Accessibility links

ЕО пен АҚШ шенеуніктері Боснияда жүр


Сейсенбі күні Еуропа Одағы мен АҚШ-тың аға шенеуніктері Боснияның ЕуроОдаққа қабылдануын жеделдетуге қажетті конституциялық реформаларды талқылау үшін Босния өкілдерімен кездесті.

Қазір ЕуроОдаққа төрағалық ететін Швецияның сыртқы істер министрі Карл Билдт, ЕуроОдақты кеңейту мәселесі бойынша арнаулы өкіл Олли Рен және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джим Стейнберг Боснияның хорват, мұсылман және серб көсемдерімен кездесті.

Кездесу ЕуроОдақ күштерінің Сараево қаласындағы әскери базасында өтті.

Дэйтон келісімі нәтижесінде 1992-1995 жылғы соғысты тоқтатқан конституцияны реформалап жетілдіру – Боснияның ЕуроОдаққа қабылдануы үшін өте маңызды шарттың бірі.
XS
SM
MD
LG