Accessibility links

Қарағанды: полицей әйелін де, өзін де атып өлтірді


Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының ішкі істер басқармасының қызметкері табелді қарумен өз жұбайын атып өлтіріп, соңынан өзіне де оқ атқан. Ол туралы Азаттық радиосының тілшісі хабарлады.
Оқиға бүгін түске жақын сағат 11:35 те орын алған. Түскі ас уақытына таман үйіне келген Саран қалалық ішкі істер басқармасының конвойлық взвод қызметкері, полиция сержанты жұбайымен арадағы болған жанжалды қару көмегімен шешкен. Алдымен жұбайын атып өлтірген ол, іле өзіне де оқ атқан. Алған жарақаттан екеуі де оқиға орнында қаза болған.
Сол сәтте үйде болған жігіттің туған туыстары жанжалдың тез арада басталып, бірден атылған оқтың дауыстарын естігендерін айтқан. Олардың берген түсініктері бойынша жұбайлар осының алдында да келіспеушілікпен жүргені, тіпті әйелдің ажырасуға құжаттарын өткізіп қойғаны белігілі болған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Жаңатай Сембековтың айтуынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аты- жөні әлі аталмай жатқан, 1971 жылғы полиция сержанты ішкі істер қызметінде 10 жыл жұмыс істеген. Отбасылық жанжал салдарынан мерт болған ерлі зайыптылардың артында 1993 жылғы және 1995 жылы туылған екі бала, ұл мен қыз жетім қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG