Accessibility links

Пәкістан: Ислам университетіне шабуыл жасалды


Пәкістан астанасы – Исламабадта жанпидашыл-содырлардың шабуылы салдарынан 2 адам қаза болып, тағы жиырма кісі жараланды. Бұл шабуыл Ислам университетінде болды.
Жанпидашыл-содырлар өздерін әйелдердің кафесі мен факультеттердің бірінің маңайында жарды.
Соңғы апталарда Пәкістанда жанпидашыл-содырлардың шабуылдары жиілеп кетті де, 170-тен астам адам құрбан болды.
Оған жауап есебінде Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі соғыс операциясының барысында Пәкістан армиясына тәліптердің бекіністерін басып алуына бұйрық берілді. Ресми биліктің хабарлауынша, өткен дүйсенбі күні әуеден авиацияның, құрлықтан зеңбіректердің қолдауына сүйенген армия Коткаи қаласын алды. Шайқастың барысында 78 тәліптің көзі жойылып, 9 жауынгер қаза болды.
XS
SM
MD
LG