Accessibility links

Жақсыбек Күлекеев: Жемқорлықпен күрес науқаншылдыққа айналмаса екен


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев «Время» басылымына берген сұхбатында өзінің мемлекеттік қызметке қайта оралмайтындығын, енді «өз отбасына күнелтуге мүмкіндік беретін нәрсемен айналысатынын, бұл бизнес пе, басқа ма, оны уақыт көрсететін» айтқан.

«Маған бес жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуға тиым салынды, ал ол мерзім аяқталғанда мен зейнетке шығар жасқа жетіп қаламын, мемлекеттік қызметке бара қоймаспын. Сондықтан мен мемлекеттік қызмет үшін келмеске кеткен адам шығармын», — деген Күлекеев.

Сондай-ақ, ол жемқорлықпен күрестің қоғамға қажет екендігі туралы пікірін білдерген.

«Жемқорлықпен күресу үшін қылмыстық қудалау жеткіліксіз, дегенмен мұның оң ықпалы бар. Біз тіпті елдегі жемқорлықты жеңуге жекелеген тұлғаларды құрбан ету арқылы жетсек те, бұл біздің қоғамға оң әсер етпек. Қалай болғанда да жемқорлықпен күресу керек, бірақ бұл науқаншылдыққа айналмаса екен», — дейді Жақсыбек Күлекеев.

«Қазақстан темір жолының» экс-президенті Жақсыбек Күлекеев сейсенбі күні Алматының Жетісу аудандық сотынің шешімі негізінде мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан болатын.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты өткен жылдың 13-қарашасында Жақсыбек Күлекеевті «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» үш жылға бас бостандығынан айырған еді. Бірақ, оған тағылған басты айып – «100 мың доллар пара алды» деген оқиға – бойынша сот Күлекеевті ақтаған-ды.
XS
SM
MD
LG