Accessibility links

Үндістанның солтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысқан


Үндістанның солтүстігінде Матхура қаласына таяу жерде екі жолаушылар поезының соқтығысуы салдарынан, әртүрлі мәліметтер бойынша, оннан он беске дейін адам құрбан болып, елуден астам адам вагондарда қамалып қалған, — деп хабарлады Үндістанның телеарналарына сілтеме жасаған Франс Пресс агенттігі.

Ассошиэйтед Пресс агенттігі келтірген Үндістан үкіметінің өкілі Суреш Чандра Шармның сөзіне қарағанда, оқыс оқиға Нью-Делиден оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымда Тәж-Махалға таяу жерде болған. Оның айтуынша, бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтап тұрған Mewar Express пойызына артынан келген басқа пойыз соқтығысқан.
XS
SM
MD
LG