Accessibility links

Қаржы полициясы экс-министр Ысқақовқа қатысты үкімге түсініктеме беруден бас тартты


Қаржы полициясы бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қатысты үкімге түсініктеме беруден бас тартады, — деп мәлімдеді сәрсенбі күні Астанада өткен брифингте қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Қылмыстық қудалау органы ретінде агенттіктің ұстанымы айыптауларда көрсетілді және мелекеттік айыптаушының тарапынан қолдау тапты. Ал Конституцияға сәйкес, үкімге қатысты түсінік беруге болмайды», — ресми өкіл.

Өткен аптаның жұма күні Қазақстан экология министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі қараған Астананың Есіл аудандық сотының үкімі бойынша экс-министр Нұрлан Ысқақов Қылмыстық кодекстің 307-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Ол жазасын жалпы тәртіптегі қамау мекемесінде өтейді. Сондай-ақ Нұрлан Ысқақовқа 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Үкім шыққан соң Нұрлан Ысқақов үкіммен келіспейтіндігін айтып, апелляциялық шағым жазатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG