Accessibility links

Жовтисті қорғау штабы оған шығарылған үкімді халықты қорқыту деп мәлімдеп отыр


Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтисті қорғау штабы билік оның ісі арқылы халықты қорқытқысы келеді,— деп мәлімдеді.

Штабтың таратқан мәлімдемесінде: «Жовтиске шығарылған үкім — бұл әлем мойындаған азат қоғам идеалы мен құқықтық және демократиялық мемлекет ұстанымдарын жоққа шығару. Бұл ЕҚЫҰ алдындағы міндетті мазаққа айналдыру және Евгений Жовтиске әділ сот талап еткен халықаралық қауымдастықтың пікірін Қазақстанның сыйламауының көрінісі», — делінген.

«Евгений Жовтис — азаматтық қоғам мойындаған көшбасшы. Біз бұл үкімді халықты қорқыту мен ел ішіндегі еркін дауысты өшіріп, тоталитарлық басқару үлгісіне оралу әрекеті ретінде қарастырамыз», — дейді штаб өкілдері.
XS
SM
MD
LG