Accessibility links

Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөз жалғаспақ


Әлемнің алпауыт елдері мен Иран Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерін сәрсенбі күні қайта бастайды деп күтілуде. Венадағы келіссөздер сейсенбіде Иран бұл мәселе жөнінде тікелей Франциямен айналысудан бас тартқан соң тоқтап қалған болатын. Иран ресмилері Париж бұдан бұрын ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі келісім-шарттарға байланысты өз уәдесінде тұрмаған деп айыптады.

Сонымен қатар Иранның сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Теһран уран байытуын доғаруға келіспейді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG