Accessibility links

Шыңжаңдағы толқулардан кейін ондаған ұйғыр азаматы табылмай жатыр


"Хьюман Райтс Уотч" ұйымының мәлімдеуінше, Қытайдың батысындағы Шыңжаң өлкесінде орын алған этникалық толқулардан кейін ондаған ұйғыр азаматы із-түссіз жоғалып кеткен.

Шілде айында Үрімжідегі ұйғырлар мен хан қытайлықтар арасында болған қақтығыстардан 200-ден аса адам қаза тапты. Адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымның айтуынша, полиция мен сарбаздар Үрімжідегі ұйғыр ауылдарында рейд жасаған соң кемінде 43 адам жоғалып кеткен.

Қытай билігінің мәліметінше, толқулардан кейін мыңнан аса адам қамауға алынған, бірақ осы уақытқа дейін бірнеше адам сотқа тартылған. 9 кісі өлім жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG