Ауғанстандағы президент сайлауының екінші сатысында бұрмалаушылықтардың алдын алу үшін сайлау кеңселері басшыларының жартысынан көбі ауыстырылады деп хабарлайды БҰҰ.
Сейсенбі күні президент Хамид Карзай сайлаудың екінші кезеңіне түсуге келіскен болатын. Арыз-шағымдарды қараған сайлау комиссиясы 210 дауыс беру учаскесіндегі бюллетендерді жарамсыз деп жариялады.
Қарашаның 7-де өтетін сайлауға Карзай мен оның негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла түседі.