Accessibility links

АҚШ вице-президенті Польшада


АҚШ вице-президенті Джо Байден Польша ресмилеріне Вашингтонның Орталық Еуропада жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары жөнінде айту үшін бүгін Варшавада жүр. Байден Польшадан кейін Румынияға сосын Чехияға барады деп жоспарланған.

Буш әкімшілігі зымыраннан қорғаныс жүйесін Польша мен Чехияда орнатуды ұсынған болатын бірақ президент Барак Обама қыркүйек айында Ресей қарсы болған бұл жоспардан бас тартып, оның орнына әлгі жүйені дамыту керек деді. Бұл шешім Варшава мен Прагада алаңдаушылықтар туғызды.
XS
SM
MD
LG