Accessibility links

Қазақстан инженерлік-саперлік отрядының Ирактан шығарылғанына жыл толды


Қазақстандық бітімгершілер ұшағы осыдан бір жыл 22-қазан күні түнде Алматыға қонған еді. Бұл әскерлер Иракта 2003 жылдың 19-тамызынан бастап бес жыл қызмет етіп, ондағы жағдай тұрақтанғаннан кейін елге оралды.

Бітімгершілік жұмыстары кезеңінде Коалиция күштері құрамында Қазақстан әскерінің 290 әскері қатысқан 9 ротация жүзеге асырылды. Қазақстандық әскерилердің міндеті жарылмай қалған оқ-дәрілердің көзін жою, суды тазарту мен медициналық көмек көрсету болды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері бітімгершілік миссиясы барысында 4 миллион қауіпті жарылғыштың көзін жойып, 6 718 текше метр суды тазалады.
XS
SM
MD
LG