Accessibility links

Қарулы топ Пәкістан әскерилеріне шабуылдады


Бүгін Исламабадта қарулы топ әскерилер көлігіне оқ атып, екі адам қаза тапты.

Пәкістандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоциклге мінген қарулы топ ел астанасындағы резиденция аймағында әскери джипті қоршап алған.

Қаза тапқандардың қатарында армия командирі мен оның жүргізушісі бар және бір сарбаз жарақат алған. Бұл шабуылға жауапкершілікті ешкім ала қоймады.

Бірақ бұл шабуыл Пәкістан күштерінің Оңтүстік Вазиристандағы талибандарға қарсы соққысы жалғасып жатқан тұста болып отыр.

Талибан бүлікшілері соңғы апталарда Пәкістанда шабуылдарын үдетіп, 170-тен аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG