Accessibility links

Қырғыз депутаттары президенттің билігін күшейтуге дауыс берді


Бүгін Қырғызстан парламенті президенттің билігін кеңейтетін шараларды бірауыздан қолдап шықты.

Заңшығарушылар қауіпсіздік қызметі мен сыртқы саясатты тікелей президенттің бақылауына ауыстырған жаңа үкіметтік құрылымды мақұлдады.

Бұл шаралардың қатарында сондай-ақ, елдің жылына 11 млн. долларын сақтап қалу үшін қоғамдық саладағы жұмыскерлерді 40 пайызға қысқарту мәселесі тұр.

Биліктің Ақ жол партиясы ұсынған реформалар парламентте үстемдік құрып отырғандықтан ешқандай қарсылықсыз қабылданды.

Бакиев өз үкіметінің реформалары туралы осы аптада жариялап, үкіметтің таратылуын мақұлдаған еді. Үкімет басшылығына Бакиевтің жақын одақтасты Данияр Үсенов келді.

Оппозицияның айтуынша, бұл реформалар президенттік құзырды күшейту үшін жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG