2009 жылғы Сахаров сыйлығы Ресейдің адам құқын қорғаушы Мемориал ұйымына берілді.
Бейсенбі күні Еуропа парламенті бұл мәртебелі сыйлықты топтың жетекшісі Олег Орлов, Сергей Ковалев, Людмила Алексеева және осы топтың басқа да құқық қорғаушыларына берді. Еуропалық парламенттің президенті Ежи Бузек бұл сыйлықты тапсыру кезінде:
“Президенттер конференциясы кезінде үлкен талқылау болмады, өйткені Ресейдің "Мемориал" тобы туралы бірауыздан келісім болды”,- деді.
1988 жылы құрылған Совет ғалымы әрі диссидент Андрей Сахаров атындағы сыйлық еркін ой иелеріне беріледі.
Оның сыйлық қоры 50 мың еуро және ол сыйақыны желтоқсанның 16-да Страсбург қаласында тапсырады.
Бұл сыйлықты осыған дейін алғандар қатарында Нельсон Мандела, Мьянма елінің демократиялық жетекшісі Аун Сан Су Чжи және БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы Кофи Аннан бар.
Осы жылғы сыйлық Сахаровтың өмірден өткеніне 20 жыл толғанымен тұспа-тұс келіп отыр. Сахаров бұл "Мемориал" құқық қорғаушы тобының бірінші жетекшісі болған.