Accessibility links

Караджич өз сотына бойкот жариялайды


Боснияның бұрынғы сербиялық жетекшісі Радован Караджич БҰҰ-ның сотында өзінің сот отырысына бойкот жариялайтындығын айтты.

Оған 1992-1995 жылдары Босния соғысында серб жетекшілерінің жасаған зұлымдығын ұйымдастырды деген күдікпен геноцид айыптары тағылып отыр.

Ал өзіне тағылған 11 айыпты да қабылдамай, кінәсізбын деген Караджич өз қорғаушысымен байланыспақшы.

Бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық қылмыстар трибуналына жазған мәлімдемесінде Караджич өзін қорғауға дайын емес екенін алға тартқан.
XS
SM
MD
LG