Accessibility links

АҚШ Молдова мен Еуро Одақтың байланысын қолдады


Бүгін Құрама Штаттар Молдованың Еуропа Одағымен байланыстарын жақсарту ниетін қолдайтынын айтты.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Бухаресте Құрама Штаттар Молдованың демократияға бастаған жолын жалғастыра бергенін қалайды және олар дайын болғанда, еурпалық құрылыммен бірігіп кетеді деген үмітін білдірген.

Брюссель өткен аптада бұрынғы совет елі Молдовамен жаңа ынтымақтастық келіссөздері жақын арада басталады деп айтқан.

Молдова 1990 жылдары өзінің Батыспен байланысын дамытып, армия күштерін бүгінгі заманға сай дайындау үшін НАТО-ның бейбітшілік үшін әріптестігіне қосылған болатын.
XS
SM
MD
LG