Accessibility links

Альберто Контадор «Астанамен» келісімін бұзуы мүмкін


«Тур де Франс» велобәйгесінің екі дүркін жеңімпазы Альберто Контадор «Астана» велотобымен келісім-шартын бұзуы мүмкін, — деп хабарлайды «Евроньюс» телеарнасы. Бұған «Астананың» 20-қазанға дейін лицензия алмағандығы себеп болып отыр.

20-қазанға дейін лицензия алмаған «Астана» мен басқа да төрт топтың жағдайларын жөндеулеріне бір ай мүмкіндіктері бар.

Альберто Контадордың «Астанамен» келісім-шарты 2011 жылға дейін жасалған, бірақ Халықаралық велосипедшілер федерациясының ережесіне сәйкес, ол 20-қазанға дейін лицензия алмаған топпен шартын бұза алады.

Контадор бұдан бұрын да бірнеше рет бұл топпен келісімін мерзімінен бұрын тоқтатуға ниет білдірген еді.
XS
SM
MD
LG