Accessibility links

Мәскеу «Норд-Ост» театрындағы теракт құрбандарын еске алуда


Бүгін Мәскеуде осыдан жеті жыл бұрын Дубровкадағы театр орталығында болған террорлық шабуылдың құрбандарын еске алуда. Қайғылы оқиға болған жерде шырақтар жағылып, гүл шоқтары қойылады.

2002 жылы 23-қазанда терроршылар тобы «Норд-Ост» театрының актерлері мен көрермендері бар, барлығы 800-ге жуық адамды басып алып, үш күн бойы қамауда ұстаған. Ғимаратқа арнаулы қызмет өкілдерінің шабуылы кезінде 130 тұтқын құрбан болды. Осы кезде қолданылған арнаулы газдың құрамы әлі күнге дейін жасырын болып келді.

Ресей үкіметі адам өліміне өздерінің кінәларын мойындаған жоқ.
XS
SM
MD
LG