Accessibility links

Түркия жетекшісі Пәкістан мен Иранға барады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Иранға сапары алдында Пәкістанға барады. Үшкүндік сапары барысында ол Пәкістан парламентінде сөз сөйлеп, ел жетекшілерімен кездеседі. Ердоған Түркия мен Пәкістан арасындағы сауда мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты ынтымақтастықты талқыламақшы.

Исламабадтан кейін ол Теһранға барып, Иран ресмилерімен кездеспекші. Сапар барысында аймақтық және халықаралық мәселелер, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы талқыланады деп күтілуде.

НАТО мүшесі Түркия бұдан бұрын өзінің батыс одақтастары мен Иран арасындағы ядролық мәселеге қатысты дауды шешуге көмектесуді ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG