Accessibility links

Халықаралық инспекторлар Иран зауытын тексермек


БҰҰ-ның атом энергиясы бойынша агенттігінің тергеушілері сенбі күні Иранға барып, бұл елдің уран байытатын екінші зауытын тексереді.

Иран мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, халықаралық инспекторлар Иранда екі немесе үш күн болмақ. Қом қаласы жанында орналасқан әлгі зауыт жөнінде Иран ресмилері өткен айда жариялаған болатын.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG