Accessibility links

Пәкістан күштері Талибан басшысының қалашығын басып алды


Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Оңтүстік Вазиристанда шабуылдарын күшейткен Пәкістан әскерилері Талибан басшысы Хакимулла Мехсудтың қалашығын басып алды.

Ресмилердің айтуынша, қауіпсіздік күштері үшкүндік әуе шабуылдарынан кейін аймақтағы Коткай қалашығын қоршап алған. Оңтүстік Вазиристандағы операцияларға 30 мың сарбаз жұмылдырылған. Жұма күні қақтығыстарда 20 жауынгер қаза тауып, 142 бүлікшінің көзі жойылды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG