Accessibility links

Бағдадта жарылыс құрбандарының саны өсті


Жексенбі күні Бағдадтың орталығында орын алған екі күшті жарылыстан кемінде 60 адам қаза тапты. Алғашқы жарылыс Ирақ әділет министрлігінің ғимаратына зақым келтірсе, екіншісі әкімшілік кеңсесі жанында болған.

Бұл шабуылдардан сондай-ақ бірнеше адам жарақат алды. Жарылыстарға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алған жоқ.

Билік орындары жарылыстар болған жерлерге баратын көшелерді жауып тастады.
XS
SM
MD
LG