Accessibility links

Пәкістанда Талибанға қарсы операция жалғасуда


Пәкістан күштері Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристанда Талибан бүлікшілеріне қарсы кең ауқымды операциясын жалғастырып жатыр.

Әскерилердің айтуынша, жексенбі күні Сам, Бадр және Ладха ауылдарындағы бүлікшілердің базаларына әуеден соққы берілген. Сенбі күні үкімет күштері пәкістандық Талибан жетекшісі Хакимулла Мехсуд тұрған қалашық - Коткайды басып алған болатын.

Аймақтағы шабуылдар қазанның 17-де басталды. Ресмилердің айтуынша, 160-тан астам бүлікші өлтірілген. Қақтығыстарда сондай-ақ 20-ға жуық сарбаз қаза тапқан. Бұл мәліметтерді тәуелсіз тексеру мүмкін болмай тұр.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG