Accessibility links

Халықаралық іздеудегі Темірхан Мұхамбедияров ұсталды


«Алаш» АҚ вице-президенті Болат Сафинді ұрлап әкету мен өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Жоғарғы сот сыртынан 8 жылға соттаған аталған компанияның экс-президенті, халықаралық іздеудегі Темірхан Мұхамбедияров ұсталып, күзетке алынды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Агенттікке бұл ақпаратты ІІМ-нің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов растап берген.

Атын атамаған құқық органы өкілінің ақпаратынша, 2007 жылғы ақпаннан бері полицияның іздеуінде жүрген 49 жастағы Темірхан Мұхамбедияров бұған дейін ҚР ҚК-нің 251-бабымен сотты болған.

Қылмыстық іс материалдары мәліметінше, 2003 жылы 3-ақпан күні Темірхан Мұхамбедияров өзінің қол астындағы үш қызметкерімен бірге Қарағандыда тұратын АҚ вице-президенті Болат Сафинді ұрлап, Алматыдағы Добролюбов көшесінде орналасқан банк нысандарының біріне әкеліп, қорқытып, күш көрсетіп «Алаш» АҚ акцияларын «Алаш-банкке» Мұхамбедияровқа беру туралы құжаттарға қол қоюды талап еткен.

Дегендеріне қол жеткізе алмаған олар Болат Сафинді тұншықтырып өлтіріп, денесін Алматы-Жаркент тас жолының 156-шақырымына апарып көміп тастаған делінеді.

Қылмысқа қатысушы Қуандық Ерманов пен Игорь Бабаев ұсталып, әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.
XS
SM
MD
LG