Accessibility links

Пәкістан армиясы тәліптерге соққы беруде


Пәкістан армиясының басшылығы Талибан қозғалысының Оңтүстік Вазиристан айданындағы шептеріне сәтті шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Хабарға қарағанда, үкімет күштері тәліптердің Коткаи қаласы мен Сарарогадағы негізгі бекінісінің арасындағы маңызды шебін басып алған. Армия өкілінің айтуынша, 16 сағатқа созылған кескілескен шайқастың нәтижесінде өте маңызды төбе қолға өткен.

Өткен сенбі күні АҚШ-тың әскери бөлімі басып алған Коткаи қаласы Пәкістандағы тәліптердің бас қолбасшысы Хакимулла Мехсудтың туып-өскен мекені көрінеді. Хабарға қарағанда, осы қалада жанпидашыл-содырларды жаттықтыратын орталық болыпты.
XS
SM
MD
LG