Accessibility links

Доктор Абдулла сайлау комиссиясын өзгертуде талап етеді


Ауғанстан президенті лауазымына үміткер әрі бұрынғы сыртқы істер министрі доктор Абдулла Абдулла президент сайлауының 7 қарашаға белгіленген екінші турына дейін сайлау комиссиясының мүшелерін қызметтерінен кетуге шақырды.

Кабулда өткізген баспасөз-маслихатында доктор Абдулла мәлімдегендей, сайлау комиссиясының қазіргі төрағасы Әзизулла Лодин сенімді ақтамауы себепті лауазымынан дереу аластатылуға тиіс.

Қазіргі ауған президенті Хамид Қарзайдың бәсекелесі – Абдулла - Лодиннің қызметінен кетуін елде әділ сайлау өткізудің маңызды шарттарының бірі деп есептейді.

Сайлаудың 20 тамызда өткен бірінші турында талай заңсыздық тіркелді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG