Accessibility links

Қырғыз үкіметінде оппозицияға орын жоқ


Қырғызстанда бірқатар мекеме жойылып, өзгелері мемлекеттік мекеме болып өзгертілді. Оның ішінде президент институты құрылды. Осы туралы жарлыққа президент Құрманбек Бәкиев қол қойды. Жуырда қырғыз президенті мемлекеттік билік құрылымын түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді. Оның ішінде президент әкімшілігі екі есе қысқартылып, қайта құрылды. Үкіметтің құрылымы да өзгерді.
Жарлыққа сәйкес, президент институтына кіретін лауазымдардың тізімі белгіленді. Ол – қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша мемлекеттік кеңесші, сыртқы істер мемлекеттік министрі. Сыртқы істер министрлігі тікелей президентке бағынады.
Президенттің уәдесіне қарамастан, жаңа министрлер кабинетінен оппозиция өкілдеріне қызмет табылмады.
XS
SM
MD
LG