Accessibility links

Ирак сайлау заңнамасына өзгертулер енгізбек


Ирак басшылығы жаңа сайлау заңнамасы туралы ымыраға келісті, елдегі 2010 жылдың қаңтарына белгіленген парламент сайлауы осы заңнама негізінде өткізілмек.

Ирак парламентінің вице-спикері Халид әл-Аттияның мәлімдеуінше, заң жобасының мәтіні жөнінде премьер-министр Нури әл-Маликимен, ел президенті Жалал Талабанимен және басқа да билік басындағылармен келісілген. Бұл құжат бүгін партиялар мен парламент фракцияларының өкілдеріне ұсынылмақ.

Аталған заң жобасына партияларды өз кандидаттарының толық тізімін жариялауға міндеттейтін түзету енгізіледі, бұған дейін сайлау бюллетендерінде тек партиялардың аты ғана көрсетіліп келген.
XS
SM
MD
LG