Румыния президенті Траян Басескудың Қазақстанға сапары «екі жақты келісім бойынша» кейінге шегерілді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Басеску қазанның 26-27 аралығында жұмыс бабымен Қазақстанға келуі керек болатын.
Румыния парламенті қазан айының ортасында Эмиль Бок үкіметіне сенімсіздік білдірді. Депутаттар үкіметті экономикалық дағдарыспен күрес жөніндегі жұмыстарынан нәтиже шықпаған деп айыптады.
Ал қараша айының соңында Румынияда президент сайлауы өткізілуі тиіс.