Accessibility links

Бағдаттағы жарылыстың жауапкершілігін «әл-Қаидамен» байланысты топ мойнына алды


Рейтер агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауынша, Бағдатта 25-қазан күнгі болған жарылысты «әл-Қаида» террорлық желісімен байланысты «Ирак ислам мемлекеті» тобы өз мойнына алған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жексенбі күні болған алғашқы жарылыс Ирақ әділет министрлігінің ғимаратына зақым келтірсе, екіншісі әкімшілік кеңсесі жанында болған. Жарылыстың себебі болған жарылғыш зат тұраққа қойылған көліктерге жасырылған.

Аталған жарылыстан кемінде 155 адам құрбан болған, 700-ден астам адам жарақат алған.

Жарылыстың жауапкершілігін алған топтың мәлімдемесі 26-қазан күні ислам сайттарының бірінде жарияланған.
XS
SM
MD
LG