Accessibility links

Пәкістанда ирандық жауынгерлер тұтқындалды


Пәкістан үкіметі 11 ирандық әскери қызметкердің тұтқындалғаны туралы мәлімдеді. Иран қауіпсіздік қызметінің өкілдері Пәкістанмен шекарада қолға түскен.

Өз кезегінде Иран үкіметі қолға түскендердің контрабандашылардың ізіне түскен шекарашылар деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын Тегеран Исламабадты Пәкістанмен шекарадағы жарылыста құрбан болған ирандық жауынгерлердің өліміне жауапты сүниттерге қатысты айыптаған еді.

Сол кезде ирандық әскердің басшысы Пәкістан үкіметі өз аумағындағы жарылысқа күдіктілерді іздеу үшін Иранның Революциялық гвардиясына шекарадан өтуге рұқсат беруі керек деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG