Accessibility links

Чехия сотында Лиссабон келісіміне қатысты тыңдаулар басталды


Чехия конституциялық соты Еуропа Одағының Лиссабон келісіміне қатысты шағым бойынша тыңдауларын бастады. Чехияның 17 сенаторы түсірген шағымға сәйкес, Лиссабон келісімі Чехияның егемендігін бұзады.

ЕуроОдаққа мүше елдердің арасында тек Чехия ғана шешім шығару үдерісін тездетуге бағытталған бұл келісімді мақұлдамай отыр. Чехия парламенті оны мақұлдады бірақ президент Вацлав Клаус оған қол қоюдан бас тартты.

Еуропа Одағының жетекшілері Лиссабон келісіміне байланысты үдерісті осы жылдың соңына дейін аяқтауды қалайтындарын мәлімдеді. Чех соты қашан шешім шығаратынын айтпады.
XS
SM
MD
LG