Еуропа Одағы Өзбекстанға қарсы енгізілген санкциялардың бәрін алып тастады.
Сейсенбі күні Люксембургта кездескен ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің мәлімдеуінше, Өзбекстан үкіметін елдегі адам құқықтары жағдайы мен құқықтық норманы жақсартуға ынталандыру үшін қару-жараққа қатысты шектеулерді тоқтатқан.
Бұл санкциялар 2005 жылы үкімет күштері Әндіжан қаласында наразылық танытушыларға оқ атқан соң енгізілген болатын. Құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, Әндіжан оқиғасында жүздеген наразылық танытушы өлтірілген.
Өткен жылы ЕуроОдақ өзбек ресмилеріне енгізілген виза шектеулерін алып тастау жөнінде шешім шығарған-ды.
Еуропа Одағы энергия көздеріне қол жеткізу мақсатында Орталық Азия елдерімен арадағы қарым-қатынастарды жақсартуға әрекеттенуде.