Accessibility links

Қаржы полициясы ағайынды Сейсембаевтарға айып тақты


«Альянс банкінің акционерлері ағайынды Марғұлан мен Ержан Сейсембаевтар және банктің несие комитетінің төрағасы Сапаров банктің 16 млрд 919 млн теңге қаржысын жымқырды деп сырттай айыпталды», — деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкіл Мұрат Жұманбай.

Оларды тұтқынға алу туралы сот санкциясымен халықаралық іздеу жарияланды, бұл іс ҚР ІІМ Интерпол бюросына тапсырылды.
Мұрат Жұманбайдың айтуынша, тергеу банктің жер телімдерін кепілге алу арқылы ағайынды Сейсембаевтарға қатысы бар делінетін кәсіпорындарға 23 млрд 231 млн теңге несие бергенін анықтаған.

Бұған қоса банктің 1 млн доллары мен 653, 5 мың еуросын шығындап, иемденген деп Сейсембаевтардың тағы бір ағайыны Асқар Галинге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл қаржылар да несие есебінде алынған. Асқар Галинге де халықаралық іздеу жарияланды.
XS
SM
MD
LG