Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан ондаған адам қаза болды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында орын алған күшті жарылыстан ондаған адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды. Құрбан болғандардың нақты саны жөніндегі мәлімет әлі расталмады. Алайда қаладағы негізгі аурухананың басшысы жарылыстан кемінде 43 адамның опат болғандығын және 80-нен астам адамның жараланғандығын хабарлады.

Полицияның айтуынша, Пешауарда сәрсенбі күні көлік жарылған. Соңғы апталарда бұл елде бірқатар бомбалық шабуылдар орын алды.

Бұл уақытта АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пәкістанға үшкүндік сапарын бастап отыр.

Ал үкімет күштері Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристанда Талибанға қарсы операцияларын жүргізуде.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG