Accessibility links

Эквадор Ресеймен ынтымақтастықты нығайтпақшы


Эквадор президенті Рафаэль Корреа Ресеймен арадағы ынтымақтастық нығаяды деп үміттенетінін мәлімдеді. Сәрсенбі күні Мәскеуге баратын Корреа "Рейтерс" агенттігіне берген сұхбатында Эквадор Ресейден екі тікұшақ сатып алып жатқанын хабарлады. Корреаның айтуынша, ол үшін Мәскеу Эквадорды қаржымен қамтамасыз етуде.

Эквадор мен Ресей екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол жеткізуді көздейді деді Корреа.

Ал осы айдың басында президент Корреа қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Ресейге баратынын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG