Accessibility links

Клинтон Пәкістандағы шабуылды айыптады


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында орын алған көлік жарылысынан 80-нен аса адам қаза тауып, кемінде 100 кісі жараланды.

Пәкістанға үшкүндік сапармен барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл шабуылды айыптады. Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курешимен өткізген баспасөз мәслихатында Клинтон АҚШ қолынан келгенше Пәкістанға экстремизммен күресуге көмектеседі деп атап көрсетті.

"Біз Пәкістан әскерилерінің батыл күресін қолдаймыз және бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күресте біз Пәкістан халқымен бірге боламыз. Мақсаттарыңызға жетулеріңіз үшін біз сіздерге қолымыздан келгенше көмектесеміз", - деді Клинтон.

Үкімет күштері Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристанда Талибанға қарсы операцияларын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG