Иран БҰҰ ұсынып отырған ядролық отын туралы келісімге бейсенбі күні жауап қайтармақшы. Ресми "Мехр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктегі өкілі Әли Асгар Солтание Теһранның ресми ұстанымын Венада осы агенттіктің басшысы Мохамед Әл-Барадейге тапсырады.
Иран жалпы келісім жобасын қабылдайды бірақ оған өзінің өзгерістерін ұсынады деп хабарлайды "Мехр" агенттігі. Әлгі келісім жобасына сәйкес, Иран ядролық отын жасауы үшін өзінің уранын шетелге тасымалдауы тиіс.