Accessibility links

Павлодарлық оқушылар химиялық заттың буынан уланып қалған


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар қаласындағы № 17 орта мектептің оқушылары химиялық заттың буынан уланып қалған.

Министрліктің мәліметінше, химиялық заттың буынан уланып қалған 10-сыныптың оқушылары сәрсенбі күні облыстық балалар ауруханасына түсіп, кешке қарай денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне қайтарылған.

Мектептегі химия пәнінің мұғалімі Наталья Кадкина оқушыларға реактивтің бірі ретінде карбид пайдаланылған химиялық тәжірибе жасатқан, сабақ барысында оқушылардың бірінің жағдайы нашарлаған. Жедел жәрдем алып кеткен бір оқушының соңынан тағы он шақты сыныптасы да ауруханаға түскен. Мұғалімнің түсіндіруінше, улы газдың ауаға таралып кетуі салдарынан оқушылар уланып қалған.

Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру жүргізуде.
XS
SM
MD
LG