29 -қазан күні abai.kz ақпараттық порталына DDoS шабуылы жасалды. Осының салдарынан сайт бірнеше сағат бойы ақпараттық кеңістіктен көрінбей қалды. Сайт ұжымы мен сайтқа қызмет жасайтын хостинг компаниясының біріккен жұмысының нәтижесінде үш сағаттан кейін сайт тұтынушыларға қызмет көрсете бастады.
«Біздің пайымдауымызша, сайтқа осындай жойқын шабуыл жасауға сайт редакциясының саяси ұстанымдары себеп болған сияқты. Біздің сенімді ақпарат көздеріміз сайтта көтерілген ескерткіштердің тағдырына байланысты мәселенің Астанада қызу талқыланып жатқанын, алайда осы тақырыптың қоғамдық талқыға түсіп кеткенін биліктегілердің аса жақтырмай қарсы алғанын айтып отыр», — деді бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген аbai.kz ақпараттық порталы қызметкерлері.