Accessibility links

MediaNet: Қазақстандағы қудалау мен қысым журналистердің тақырып аясына шектеу қояды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Қазақстан Масс-медиасы:негізгі ойыншылар, мүмкіндіктер, қажеттіліктер мен қауіп-қатерлер» деген тақырыптағы зерттеуінің қорытындысын жария етті.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, орталықтың сұрақтарына жауап берген 350-ге тарта журналистің 53 пайызы «Қазақстанда БАҚ дамып отырған жоқ» деген пікірде, ал сұралғандардың 20 пайызы «БАҚ-тарда кері кетушілік байқалады» деп санайды екен.

Оған негізгі себеп ретінде жергілікті қаржыландырудың жоқтығы, журналистерге билік тарапынан қатаң шектеулердің қойылуы, заңнаманың осалдығы атап көрсетіліпті.

Журналистердің көпшілігінің пікірінше, қазір БАҚ-тың қоғамдық пікірге деген әсері зор болғанымен, билік шешімдеріне жасайтын ықпалы мардымсыз. Сонымен қатар, зерттеу респондеттерінің 58,5 пайызы БАҚ туралы заңды жақсы меңгергендігін атап өткен.

Дәл осы мөлшердегі жауап берушілер «Қазақстанда журналистер кәсіподағын құру қажет емес» деген пікірде. Сондай-ақ, зерттеу қудалау мен қысымның журналистердің тақырып таңдауына шектеу қоятындығын анықтаған.
XS
SM
MD
LG