Accessibility links

«Республика» газетіне қатысты сот үкімі күшінде қалдырылды


Бүгін БТА банктің «Республика - деловое обозрение» басылымына қатысты талап-арызы бойынша сот шешіміне қарсы редакцияның апелляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты істі БТА банктің пайдасына шешкен Медеу аудандық сотының үкімін күшінде қалдырды, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қыркүйектің 9-ы күні Алматының Медеу аудандық соты БТА банктің пайдасына «Республика» газетінен 60 миллион теңгені (400 мың АҚШ доллары шамасында) өндіріп алу туралы шешім шығарған еді.

«Республика - деловое обозрение» басылымының адвокаты Сергей Уткин үкімнің күшінде қалдырылуына байланысты жоғарғы инстанцияларға, қажет болған жағдайда БҰҰ -ға шағымданатындарын айтты.
XS
SM
MD
LG