Accessibility links

Иран ядролық келісімге жауап қайтарды


Иран әлемнің алпауыт елдері ұсынған ядролық келісімнің жобасына қатысты өз жауабын Венада Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке тапсырған. Осы агенттіктегі Иран өкілі Әли Асгар Солтаниенің айтуынша, Теһран әлгі келісімге техникалық және экономикалық толықтырулар енгізуді сұраған.

Ұсынылып отырған бұл келісімге сәйкес, Иран өзінің уранын Ресей мен Францияға жіберіп, өзінің зерттеу реакторы үшін ядролық отын жасауы тиіс.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, Ресей мен АҚШ және Франция ұсынған ядролық келісімнің жобасына байланысты Теһран ынтымақтасуға әзір. Әлемнің алпауыт елдері де өз міндеттемелерін орындауы тиіс деді Ахмадинежад.
XS
SM
MD
LG