Accessibility links

Британия Иранға наразылық білдірді


Британия Теһрандағы елшілігінің ирандық қызметкерінің 4 жылға түрмеге жабылуына байланысты алаңдаушылық танытып отыр.

Сыртқы істер министрі Дэвид Миллибэнд Хоссейн Рассамның бас бостандығынан айырылуы Ирандағы бүкіл дипломатиялық қауымдастыққа қарсы жасалған шабуыл деп атап көрсетті. Британия сыртқы істер министрлігі Иранның Лондондағы елшісін шақыртып алып, наразылық танытты.

"Таймс" басылымының хабарлауынша, Рассам осы аптада жабық есік жағдайда өткен сотта 4 жылға түрмеге жабылған. Оған маусым айындағы даулы сайлаудан кейін тоқуларға түрткі болды деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG