Accessibility links

Қырғызстан президентінің ұлы даму жөніндегі агенттіктің басшылығына тағайындалды



Қырғызстанда ел президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев президенттің Жарлығымен инвестиция, инновация және даму жөніндегі орталық агенттіктің басшысы болып тағайындалды.

Президент Құрманбек Бакиев белгілеген мемлекеттік басқару органдарының реформасына сәйкес, қайтадан құрылған президент институтында даму жөніндегі орталық жұмыс істейді. Бұл ведомство экономиканы қайта құру құрылымдарының стратегиясын қалыптастырумен, кәсіпкерлікті қолдаумен айналысады.

32 жастағы Максим Бакиев Қырғызстан-Ресей славяндық университетінің заң факультетін бітірген. Аталған қызметке дейін көпсалалы Maval Aktiviti латвиялық холдингі директорлар кеңесінің мүшесі болған.
XS
SM
MD
LG