Accessibility links

Қазақстан президенті 13-қараша күні тұрғындардың сұрақтарына жауап береді


Бүгін Қазақстанда мемлекет басшысына телеэфир, телефон, интернет және смс арқылы қойылған сұрақтар үшін орталық желі ашылды. Бұл сұрақтарға Нұрсұлтан Назарбаев 13-қараша күні республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде жауап береді.

Аталған орталықтың жетекшісі Әлия Ғалымованың айтуынша, Қазақстан тұрғындары президентке республика көлемінде бірыңғай 555-777 телефонына тегін қоңырау шалу арқылы сұрақ қоя алады. Бұған қоса www.akorda.kz сайты, электронды үкіметтің арнайы порталы www.line.gov.kz немесе vopros@akorda.kz –ке де сұрақ жолдауға болады.
XS
SM
MD
LG