Accessibility links

Түркменстан бенсендіні түрмеге жапты


АҚШ-та орналасқан құқыққорғаушы топтың айтуынша, түркмен соты қоршаған ортаны қорғау белсендісін 5 жылға түрмеге жапқан. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Андрей Затокаға тағылған айыптар ойдан шығарылған дейді. Биология маманы Затока өткен аптада Дашогуз қаласында қамауға алынды, оның алдында оған белгісіз бір адамдар базарда шабуыл жасаған.

Затока басқарған қоршаған ортаны қорғау тобын билік орындары 2003 жылы жауып тастаған болатын. Ал 2006 жылы түркмен соты оған қару-жарақпен айналысты, қаупті заттарды пайдаланды деген айып таққан еді. Сонымен қатар Затоканың елден шығуына тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG