АҚШ Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындауға шақырады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Джордж Крол жұма күні Астанада өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. "Біз Қазақстанды Мадридте айтылған ниеттерін орындауға шақырамыз", - деді Крол.
2007 жылдың желтоқсан айында сол кезде сыртқы істер министрі болған Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуіне қатысты міндеттемелері жөнінде айтқан болатын. Атап айтқанда, Қазақстан бұл еуропалық ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, "Бұқаралық ақпарат құралдары" мен сайлау және саяси партиялар туралы заңдарына өзгерістер енгізуі тиіс болатын.